С дәрумені қатерлі ісікті қоздырады - Ғалымдар

С дәрумені қатерлі ісікті қоздырады - Ғалымдар
фото: iStock

       Ғалымдар С дәрумені қатерлі ісікті қоздыра алатынын мәлімдеді. Бұл туралы 

       Антиоксидант туралы зерттеуді Каролинск институтының швед ғалымы Мартин Берго жариялады.

       "С дәрумені қатерлі ісіктердің жаңа қан тамырларын белсенді ететінін анықтадық, бұл – таңқаларлық жайт. Осыған дейін антиоксиданттардың қорғаныс әсері бар екені айтылды. Алайда С дәрумені ісіктің қан тамырларын оттегі мен қоректік заттармен қоректендіреді екен, бұл олардың ұлғаюына және метастазаның пайда болуына әкеледі”, – деді ғалым.

       Сондай-ақ С дәрумені сияқты антиоксиданттар рак клеткаларының дамуына және сау жасушаларға әсер етуіне көмектесетіні белгілі болды.

       Stan.kz