фото: instagram.com/faiss_rk
Сурет: instagram.com/faiss_rk
Францияның Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем Кубогыөз мәресіне жетті. Аталған жарыста отандасымыз Хайбуллин Ришат "Жылдамдық" санатында екінші орынды иеленді.
ҚР Альпинизм және құзға өрмелеу федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл санатта ерлер арасында 27 мемлекеттің 77 спортшысы қатысқан. Жарыстың алғашқы сәттерінде өрмелеуден спортшымыз 5,05 және 5,29 секунд нәтижені көрсетіп, 4-орынды иеленді. Осылайша ол финалға жолдама алды.
Финалда отандық спортшы 15 метрлік биік қабырғаны тағы да 5,05 секундта өрмелеп шығып, Қазақстанның рекордын да жаңартты. Әлем рекорды 4,98 секунд болып табылады. Ең соңғы ойында Хайбуллин Ришат 5,01 секундты бағындырып, Индонезия спортшысынан тек 0,04 секундқа кешігіп қалды. Осылайша ол екінші орынға ие болды.
Жалпы Әлем Кубогына 30 мемлекеттің 129 спортшысы қатысты. Спорттық құзға өрмелеу серпінді дамып келе жатқан жас спорт түрі болып табылады.
Ұлттық құрама сапында 93 спортшы бар, соңғы екі жылда спорттық құзға өрмелеумен айналасатын адамдар саны 1,7 есе өсіп, шамамен 5 280 адамға жетті.
Zakon.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через