Ресейлік БАҚ Қазақстан банктері рубльмен төлем қабылдаудан бас тартуда деп хабарлады

Ресейлік БАҚ Қазақстан банктері рубльмен төлем қабылдаудан бас тартуда деп хабарлады

Фото: kursiv.media

 

       Қазақстандық банктер Ресей кәсіпкерлерінен рубльдегі төлемдерін қабылдаудан бас тартты.

       Ресей дереккөздері Халық банкі, Fortenank, RBK bank және Bereke bank соңғы уақытта рубльмен жасалған ондаған төлемді қайтарғанын хабарлаған. «Точка» банкінің өкілі Анна Давыдова да қазақстандық банктердің рубльді қабылдамай жатқанын растады.

       Нәтижесінде ресейлік бизнес қазақстандық теңгеге көше бастаған. Анна Давыдова «Точка» банкінде сәуір айында теңгедегі төлемдер саны наурызбен салыстырғанда 75%-ға өскенін айтады.

       Ал «Деловая Россия» бас кеңесінің мүшесі, First Group бас директоры Алексей Порошин кей жағайда қазақстандық банктер төлем ресейлік компаниялардан теңгемен түссе де, қабылдаудан да бас тартатынын айтқан.

       Continental заңгерлік фирмасының басшысы Эльдар Бабаев егер мәміле банктің ішкі бақылауынан өтпесе және бұл операциялардың тәуекелі жоғары болса, банк бұл операцияны тоқтатуға немесе қайтаруға толық құқылы екенін айтты. Сонымен қатар Қазақстан банктері Ресейге Украинадағы соғысы үшін АҚШ тарапынан салынған санкциялық шектеулерді сақтауға міндетті. Өйткені АҚШ Қазақстан экономикасының ірі инвесторы саналады.

       ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елдегі банк секторының жұмысына рубльмен аударымдарға қатысты ешқандай шектеулер жоқ екенін айтқан.

       Жамаубаев үкімет тарапынан ешқандай тапсырма берілмегенін және тиімділік критерийлерін банктің өзі белгілейді деген еді.

       «Банк секторы санкциялық немесе басқа да мәселелерге қатысты шешімді өздері қабылдайды», деген Қаржы министрі.

       Бұған дейін еліміздің екінші деңгейлі банктеріне қолма-қол рублді бір реттік тәртіппен Қазақстаннан әкетуге рұқсат берілген.

       Ал Ұлттық банк Рубльді экспорттау шешімі шетел валютасына қатысты теңгерімсіздікті жоюға бағытталғанын мәлімдеді.  

       Kursiv.kz