Ресейдің орталық банкі криптовалюта мен майнингке тыйым салуды ұсынды

Ресейдің орталық банкі криптовалюта мен майнингке тыйым салуды ұсынды

       Ресей банкі РФ аумағында майнингке және криптовалюта шығаруға және қолдануға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы реттеуіштің баяндамасында айтылған.

       «Резервтің валюта болып саналмайтын ресейлік рубль мәртебесі Ресейде қауіп-қатердің өршуін елемеуге мүмкіндік бермейді. Біздің ойымызша, қосымша шара қолдану керек», - делінген құжатта.

       «Криптовалютаның таралуына негізделген қауіп-қатерді азайту мақсатында Ресей банкі заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынады. РФ аумағында криптовалюта айналымын ұйымдастыруға немесе оны шығаруға тыйым салыну қажет және осы тыйымды бұзғандарды жауапқа тарту керек», - делінген реттеуіштің ұсынысында.

       Сондай-ақ криптовалютаны тауар, жұмыс және қызмет ақысын төлеу құралы ретінде қолдануға тыйым салып, оны бұзғандарды жауапқа тарту ұсынылды.

       Реттеуіш Ресейде криптовалюта майнингіне тыйым салу оңтайлы шешім деп есептейді.


Ақпарат дереккөзі