Ресейдің бес аймағында мұғалімдер жалақысына жаңа жүйе енгізілмек
Ресейдің бес аймағында мұғалімдерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша эксперимент жүргізілмек.
Пилоттық жоба Белгород, Нижний Новгород, Сахалин, Ярославль облыстарында және Мордовия Республикасында өткізіледі.
Еңбекақы төлеудің жаңа тәртібі Мемлекеттік және муниципалды мекемелердің педагогикалық қызметкерлеріне қолданылады. Олар мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беру, кәсіптік білім беру ұйымдары және қосымша білім беру ұйымдары. Құжатта еңбекақы төлеудің жаңа тәртібі профессорлық-оқытушылық құрам педагогтарына әсер етпейтіні атап өтілген.
Қаулы жобасында эксперимент шеңберіндегі лауазымдық жалақы мен төлемдер мұғалімдердің жұмыс көлемі мен төлемдер үшін негіздер өзгермесе, бұрын болған жалақы мен төлемдерден төмен бола алмайтындығы ерекше атап өтілген.
Құжатта сондай-ақ жобаның дайындық кезеңі 2021 жылғы қарашадан бастап 2022 жылғы сәуірге дейін жалғасады, ал еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу 2022 жылғы мамырдан бастап 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңге жоспарланып отыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через