Ресейде санкция салдарынан ұшақ жетпей жатыр

Ресейде санкция салдарынан ұшақ жетпей жатыр

Ресейде санкция салдарынан 300 ғана ұшақ қалуы мүмкін. Іргелес елде әуе билеттерінің бағасы 400 пайызға дейін қымбаттаған.  

Индира Бегайдар, тілші:

Ел үкіметі әуе компанияларына 172 млрд рубль субсидия бөлген. Алайда бұл мәселені түбегейлі шешпеді. Өйткені әуе компанияларының паркіндегі ұшақтың 90 пайызы шетелде тіркелген екен. Санкция салдарынан қазір ұшақ та, оны жөндейтін құрал-сайман да жетпей жатыр. 

Андрей Патраков, сарапшы:

 Санкция жағдайды ушықтыра түсті. Ұшаққа қажетті қоймадағы құрал-жабдықтар таусылды. Оны өзімізде шығарайық десек, технология жоқ, білікті шетелдік мамандар бізбен жұмыс істегісі келмейді. Әуе компанияларына жүктелген жұмыс артқандықтан, сапаға кері әсерін тигізіп жатыр.

Мамандарды қауіпсіздік мәселесі алаңдатып отыр. Өйткені қаңтардың алғашқы екі аптасында ғана ресейлік авиация саласында оннан астам ұшақ апаты тіркелді. Ал әуе саласындағы қауіпсіздік бағдарламасы 2000 жылдардан бері жаңармады. Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта әуе апаттарының саны артуы ықтимал.

Qazaqstan.kz