фото: https://pixabay.com/ru/
Көктемгі мерекелерде нәзік жандылар сыйлыққа қызғалдақтар алады. Кейде ұзақ сақталған гүлдерге қарап, таңғалып жататындар бар. Солмағанына тамсанып: "Сірә, шын ниетімен сыйлаған ғой" деп жатады. Әрине, романтикаға сенуге болады, бірақ оның құпиясы басқада. Құмырадағы гүлді, соның ішінде қызғалдақты ұзақ сақтау үшін гүл баптаушылар қолданатын бірнеше қулық бар.
Құмыраны жуып, оған салқын су құйыңыз. Қызғалдақтар қатты салқын суды жақсы көреді, сондықтан, құмыра ішіне мұз салып жіберуге болады.
Қызғалдақ сабағының түбін тіке етіп кесіңіз. Раушан гүлді қисық етіп кесетінін көпшілік біледі де, қызғалдақта да солай деп ойлайды. Алайда оны тіке етіп кесу керек.
Суға тиіп тұрған жапырақтарын алып тастаңыз.
Құмыраны күнде жуып, суды ауыстырыңыз. Тұрып қалған суда микробтар белсенді дамиды. Соның салдарынан гүлдер тез өліп қалады. Суға антибактериалдық таблеткалар, мысалы, белсендірілген көмір немесе аспирин салып жіберуге болады.
Қызғалдақ сабағының түбін күнде 1 см-ге қиып тұрыңыз.
Қызғалдақтың ұзақ сақталуына көмектесетін тағы бір әдіс бар. Ол үшін гүлдің қауызының 2-3 см төмен жердегі сабақты инемен тесіп жіберіңіз.
Қызғалдақты күннің көзіне және жылытқыштар жанына қоймаңыз.
Қызғалдақтардың жанына жемістер және басқа гүлдерді қоймаған жөн.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через