фото: pexels.com
Қытайлық техногигант Xiaomi тұсаукесер басталған алғашқы төрт минут ішінде 10 мың SU7 көлігін сатты, ал тағы үш минуттан кейін бұл сан екі есе өсті, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталының тілшісі.
Компания жұртшылықты қызықтыра түсті, өйткені олар алғашқы көлігінің құнын соңғы сәтке дейін жасырып, тек тұсаукесер барысында жариялады.
Енді SU7 көлігінің бастапқы бағасы 216 000 юань тұрады. Біздің төл ақшамызға шаққанда бұл шамамен 13 жарым миллион теңге. Көліктің стандартты нұсқасы 700 шақырым жүре алады, ал бағасы 300 000 юань болатын Max нұсқасы 810 шақырымды еңсеруге қабілетті.
Бұл электрокар сегментіндегі сөзсіз жетістік.
Компания басшысы Xiaomi SU7 және Tesla-ның 3-ші Model-імен салыстырып, қытайлық электрокар 500 мың юань шамасында тұратын ең жылдам және қуатты модель" екенін атап өтті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через