фото: Aikyn.kz
Қытайдың Ченду қаласында өткен XXXI Жазғы универсиада мәресіне жетті.
Универсиадада 118 елден келген 7500 атлет 18 спорт түрінде 269 медальды сарапқа салды.
Қазақстан құрамасы атынан 93 спортшы студент ел намысын қорғады. Олар 11 спорт түрінен 2 алтын, 7 күміс және 11 қола медаль ұтып алды. Осылайша жалпы командалық есепте 20 жүлдемен 20-орынға тұрақтады.
Медальдар кестесі бойынша 1-орын алған қытайлықтар 178 медальға (103 алтын, 40 күміс және 35 қола) ие болды. Одан кейінгі орындардағы Жапония – 93 (21-29-43), Оңтүстік Корея – 58 (17-18-23) медаль алды.
2025 жылы Жазғы универсиада Германияның Рейн-Рур аймағында өтеді.
Салтанатты шараның жабылуында Рейн қаласының мэріне FISU туы табысталды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через