Қытайда Олимпиада қонақтарына роботтар қызмет көрсетеді

Қытайда Олимпиада қонақтарына роботтар қызмет көрсетеді

         2022 Қытайда Олимпиада қонақтарына роботтар қызмет көрсетеді Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарына келген қонақтарға роботтар қызмет етеді.

         Құлтемірлер қонақүйде жайғасқан меймандарға ас-суын жеткізетін болады. Қызметтің бұл түрі аймақта коронавирус індетінің таралмауы үшін ұйымдастырылған. Өз-өзін басқаратын роботтар кез келген тапсырысты бөлмеге дейін жеткізіп бере алатын болады.

         Естеріңізге салайық, Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 4-інен 20-сына дейін жалғаспақ. Жарыстар Бейжің шаһарынан бөлек, Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да өтеді. Жалпы саны 109 медаль сарапқа салынған додада қатысушылар көптеген спорт түрлері бойынша бақ сынайды. Осы категория бойынша: « Германияда екпе міндеттелуі мүмкін Израильде көктайғақтан көлік қатынасы тежелді »

Ақпарат дереккөзі