Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қырыққабат пен сәбіздің қымбаттауына пікір білдірді.
«Бағаны тұрақтандыру шараларына қарамастан, қырыққабат пен сәбіз қымбаттап кетті. Бұл неге байланысты?» деп сұрады БАҚ өкілі.
АШМ басшысының айтуынша, бұған қоймадағы былтырғы өнімнің біте бастауы себеп болған.
«Маусымда былтырғы жылдың қоры бітеді де, балғын өнімдер әкелінеді. Ерте пісетін көкөністер сәл қымбатырақ болып жатыр. Көкөніс оңтүстік өңірлер мен іргелес мемлекеттерден келіп жатыр. Біз көкөніс сақтайтын қоймалардың санын арттыру жоспарын қайта қарап жатырмыз. Былтыр 2021-2022 жылдардың жоспарын 110% артығымен орындадық. Биыл да арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Сондай-ақ, ведомство басшысы көкөніс қоймасын салуға берілетін субсидия көлемі көбейтілгенін еске алды.
«Көлемі 100 мың тоннадан асатын көкөніс қоймасын саламыз. Біз субсидиялау ережесін өзгертеміз. Бұрын көкөніс қоймасын салуға кеткен шығыннын 25% субидияланса, қазір бұл көрсеткішті 40%-ға дейін жеткіземіз. Егер қоймада тоңазыту қондырғылары, іштегі газды реттеу жүйесі бар болса, 50%-ына дейін субсидияланады», - деді Ербол Қарашөкеев.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото detkisuper.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через