Қырғызстанда ет өндіру артты
Қырғызстанда ет өндіру деңгейі 2020 жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға өсті. Бұл туралы Қырғыстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Оның айтуынша, қарашаның екі аптасында елде барлық санатындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер тірі салмақта 299 мың тонна ет өндірді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 мың 959 тоннаға артық. Ет өндірісінің артуы шошқа мен құсты қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларының санының артуына байланысты.
Ұлттық статистикалық комитеттің мәліметінше, 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ірі қара мал басы 35 мың басқа өсті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через