Қырғызстан қант экспортын жарты жылға тоқтатты

Қырғызстан қант экспортын жарты жылға тоқтатты

     Бұл Қырғызстан аумағынан қанттың жаппай сыртқа тасымалдануын болдырмау үшін жасалып отыр.

     Қырғызстан министрлер кабинеті құм шекер мен қамыс қантын экспорттауға 6 айға тыйым салды.

     Бұл Қырғызстан аумағынан қанттың жаппай сыртқа тасымалдануын болдырмау үшін жасалып отыр. Ел үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шара елдің сауда-саттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, нарықтағы қант бағасын тұрақтандыруы тиіс.