Қырғыз қызы жылдың үздік балуаны атанды

Қырғыз қызы жылдың үздік балуаны атанды
фото: Фото: sportx.kz

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2023 жылдың үздік балуандарын анықтады. Күрестің үш түрі бойынша үздіктер қатарына қырғыз қызы Айсұлу Тыныбекова да енді.

Еркін күрестен жылдың үздік балуаны атағына бахрейндік Ахмед Тажудинов (тегі дағыстандық) лайық деп танылды. Ол биыл әлем чемпионы атанған. Грек-рим күресінен жылдың үздік спортшысы мәртебесіне кубалық Луис Санчес ие болды. Ал әйелдер күресінен қырғызстандық Айсұлу Тыныбекова жылдың үздік балуаны атанды. 

Айсұлу – Орталық Азия елдері арасында күрес түрлерінен үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Токио Олимпиадасының күміс жүледегері. 

ҚазАқпарат