Құлпынайдың маусымы басталып, бүгінде саудасы қызып жатқаны белгілі. Көктем мен жаздың алғашқы жемісін жұртшылық таласып алғанымен, сәтсіз саудаға кез болатындар көп. Ал дәмі мен сапасы көңілден шықпай жатса, онда сатып алардан бұрын құлпынайды өз тексеруіңізден өткізіңіз. Ол үшін мына төмендегі қарапайым кеңестерді ескере жүріңіз.
Алдымен түсіне мән беріңіз, дұрыс піскен құлпынай ашық қызыл болуы керек.
Егер түсі қанық қызыл болса, онда ол бүліне бастаған болуы мүмкін немесе осыған ұқсас түс құлпынайдың нитраттарда өскенін білдіреді.
Жемістің сондай-ақ түбіне де назар аударыңыз, жапырақтар жасыл және қалың болуы керек. Бұл құлпынайдың жақында бақшадан алынғанының белгісі. Егер жапырағы құрғаған немесе мүлдем жоқ болса, жидек бұрын жиналған. Сондықтан кейбір сатушылар құлпынайды балғын етіп көрсету үшін жапырақтарын жұлып тастайды.
Жемістің бетінде орналасқан дәнерге де мән беріңіз. Егер олар дөңес болса, онда жидек піспеген болуы мүмкін. Ал тереңдікте болса, толық піскенін білдіреді.
Сатып алу кезінде иісіне де назар аударған жөн. Дұрыс піскен құлпынайдың хош иісі болуы керек. Піспеген құлпынайдың иісі әлсіз және әсерлі емес.
Жидектің көлеміне нитраттардың қатысы жоқ, ол құлпынайдың әртүрлілігіне байланысты. Үлкен және кішкентай сортты құлпынайлар бар.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через