фото: pixabay.com
Қостанай облысында магистральды құбырдағы апатқа байланысты 42 көпқабатты үй, мектеп пен әуежай жылудан ажыратылды, деп хабарлайды inform.kz «Қостанай жылу энергетика компаниясы» РМК-ҒА сілтеме жасап.
«Герасимов көшесі, 4 мекенжайындағы үйдің жанында орналасқан жерасты жылу құбырының жарылу салдарын жою үшін 20 желтоқсан, сағат 12.00 - 20.00 аралығында 42 көпқабатты үй, №29 орта мектеп мен Қостанай Халықаралық әуежайы жылудан ажыратылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жұмыстарды неғұрлым тезірек аяқтауға бар күш-жігерді салатын боламыз», - делінген таратылған хабарламада.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через