Қоқыс алаңы өртеніп, Павлодарды көк түтін басты

Қоқыс алаңы өртеніп, Павлодарды көк түтін басты
фото: sputnik.kz

Павлодарлық өрт сөндірушілер екі күннен бері қалалық қоқыс алаңындағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Қою түтін туралы хабарлама бейсенбі күні сағат 17.06-да өрт сөндірушілерге түсті. Қалалық полигонда қоқыс жанып жатқаны анықталды. Өртенген жер аумағы шамамен 1,5 га.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның техника бірлігі мен қызметкерлері жұмылдырылды.

"Су арнасының" 6 су тасығыш пен тракторы, полигонды басқаратын "Эко әлем-ПВ" ЖШС-нің 15 камазы мен 7 тиегіші жұмылдырылған. Өртті ауыздықтау түні бойы жүргізілді. Өкінішке орай өрт сөндірушілердің жұмысына қатты жел кедергі келтірген. Бүгін сағат 12.05-те өрт толығымен сөндірілді. Елді мекендер тілсіз жаудан аман", - деп хабарлады облыс ТЖД.

Қазақпарат

© Photo : Комитет по ЧС МВД РК