Дәрігерлер қолдан дайындалған тағам сатып алғанда сақ болуға шақырады.
«Крафт өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін үйреншікті зауыт өнімдерінен ажырату үшін, оларды неғұрлым сапалы ету үшін, әдетте өндіріс процесінде рецептілерді үнемі әр түрлі дәрежеде өзгертеді және жетілдіреді, яғни түрлі тәжірибе жасайды. Көбінесе мұндай өнімді өндірушілер таңбалауда өнімнің құрамы мен өндіруші туралы ақпаратты көрсетпейді.
Сондай-ақ крафт өнімдерінде, көбінесе сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар - сәйкестік туралы декларациялар немесе сәйкестік сертификаттары болмайды.
Крафт өнімдері қаншалықты сапалы, таза болғанымен, ұлттық заңнамаға және Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сай сәйкестік құжаттары жоқ өнімдер халыққа сату үшін айналымға жіберілмеуі керек», - дейді санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің бөлім басшысы Қарлығаш Әбдішева.
Оның сөзіне қарағанда, крафт өнімдерді таңдаған кезде тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттың болуына көз жеткізу, таңбалауға (егер бар болса) назар аудару керек.
«Еуразиялық экономикалық немесе Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес заттаңбада таңбалау өнім туралы, өндіруші туралы, диеталық қажеттіліктері бар адамдар үшін кейбір айрықша белгілері немесе пайдаланудағы шектеулер және тағы басқа туралы толық ақпарат болуы керек.
Департамент тұтынушыларды, үйде немесе басқа белгісіз жерлерде жасалған өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін сәйкестік құжаты жоқ, белгісіз құрамы бар «сәнді крафт» өнімін таңдағанда, абай болуға шақырады», - деп жазылған депатаменті таратқан мәліметте.
Бұған дейін Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл басталғалы шаһарда 14 бала тамақтан уланғанын мәлім еткен еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через