ҚазҰУ-дың магистранттары мен докторанттары Oxford-қа оқуға жіберілетін болады

ҚазҰУ-дың магистранттары мен докторанттары Oxford-қа оқуға жіберілетін болады

ҚазҰУ-дың магистранттары мен докторанттары Oxford-қа оқуға жіберілетін болады

Жаңа оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Oxford университеті (Ұлыбритания) арасында ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық кеңейетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың Oxford университетіне жұмыс сапары барысында осындай келісімге келді.

Ғалымдар, оқытушылар және әкімшілік өкілдерімен кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық танытып, білім беру ісіндегі серіктестіктің басым бағыттарын және бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды талқылады.

Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында ҚазҰУ-дың ең үздік магистранттары мен докторанттары «Ғылымға кіріспе» бірлескен білім беру бағдарламасы аясында Oxford-қа оқуға жіберілмек. Сонымен қатар, ағылшындық әріптестер өздерінің зертханаларында ҚазҰУ профессорларымен география, тарих, ядролық физика және т.б. салалардағы жобалармен бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық тәжірибесі қазірдің өзінде қолжетімді. Осы жылдың сәуір айында ҚазҰУ Oxford университетімен бірлесе Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан аридті аймақтарының тұрақты дамуының өзекті мәселелеріне арналған «Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді.

Ғылыми және тәжірибелік құндылықтарын ерекше атап өткен шетелдік ғалымдар мен сарапшылар шараға жоғары баға берді.

Oxford университеті - әлемдегі ең көне және үздік университеттердің бірі. Онда 20 мыңнан астам студент білім алады, оның төрттен бір бөлігі - шетелдік студенттер. QS халықаралық рейтингісінде ол әлемдегі үздік бес университеттің қатарына енген.

Мәтіндегі ақпарат туралы