фото: https://naryk.kz
Қазақтар картоп жеуді азайтты
2022 жылы картоп егіс көлемі алдын ала мәліметтер бойынша, 198,9 мың гектарды құрады, бұл былтырғыдан 1,9% артық.
Ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: 31,5 мың га, былтырғыдан 1,2% аз. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (26,1 мың га, 35,8% аз) және Павлодар (24,9 мың га, 22,4% көп) облыстары кірді.
Биылғы жылдың шілде айында ҚР-да бір кило картоптың өзіндік құны орта есеппен 182 теңгені құрады – бұл былтырғыдан 4,2% қымбат.
Бағаның өсуін бәрінен бұрын Атырау облысында байқалды: бірден 43% қымбаттады. Одан кейін Маңғыстау 21,6% және Қостанай облыстарында 20% қымбаттады.
Еліміздің 17 өңірінің 8-інде картоп құны арзандаған. Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда бағаның айтарлықтай төмендеуі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: 13,9%.
ҚР ірі қалалары арасында бір кило картоптың ең жоғары құны Ақтауда (255 теңге), Атырауда (224 теңге) және астанада (204 теңге), ең төменгісі Қарағандыда (137 теңге) тіркелді.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында картоптың орташа тұтынуы жан басына шаққанда 11,4 кило болды, бұл былтырғыдан 1,3% аз.
Картопты ең көп жейтіндер Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының халқы. Бұл өңірлерде жан басына шаққанда сәйкесінше 13,9 кг, 13,3 кг және 13,2 кг тұтынылады.
Ең төменгі тұтыну деңгейі Шымкентте тіркелді. Бір тоқсанда жан басына 9 кг картоп, былтырғыдан 11,6% аз.
Жалпы 2021 жылы картоп тұтыну деңгейі жан басына шаққанда айына 3,9 кг, 2020 жылы – 4,2 кг, 2001 жылы – 5,5 кг құрады.
2021 жылы картоптың жалпы түсімі 4 млн тоннаны құрады, бұл былтырғымен шамалас, бар болғаны 0,6% көп.
Өңірлер бойынша картоптың көп бөлігі Алматы (789,8 мың тонна), Павлодар (581,7 мың тонна) және Солтүстік Қазақстан (551,4 мың тонна) облыстарында жиналды.
Ескерту: картоп өнімділігі 2020 жылы гектарына 206,7 центнерден 2021 жылы 207,4 центнерге дейін өсті.
2021 жылы картоп жинау көлемі мен шығымдылығының артуына қарамастан, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында картоп импорты алғаш рет экспорттан асып түсті. Экспорт 8,2 мың тонна болса, импорт 4,7 есе көп – 38,7 мың тонна.
Алайда бұрын экспорт әрқашан импорттан асып түсетін болған. Мәселен, 2021 жылы импорт аталған уақытта 52,4 мың тонна болса, экспорт 71,4 мың тоннаны құрады (айырмашылық 36,3%), 2020 жылы экспорт 151,8 мың тонна, импорт 19,7 мың тонна болды (айырмашылық 7,7 есе).
Қазақстан диқандары тамыз айының басында картоптың ерте сұрыптарын егіс алқаптарынан жинай бастады, деп хабарлайды Хабар24. Жаппай егін жинау қыркүйектің басында басталды.
Қазақстанда алдағы картоп өнімі өткен жылғыдан асып түсуі мүмкін. Ішкі нарыққа қажетті 2 млн тоннаның 300 мың тоннаға жуығы артық болмақ. Күтілетін артық өнім толығымен экспортқа шығарылады. Қоймадан шаруалар тіпті картопты килосын 80 теңгеден сатуы мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через