Қазақстанның үш аймағында мал ауруы тарап жатыр

Қазақстанның үш аймағында мал ауруы тарап жатыр

       Қазақстанның үш өңірінде жануарлар арасында аурудың өршуіне байланысты карантин жарияланды.

       Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында Аққайнар, Шыңғыстай және Жаңа Үлгі ауылдарында ұсақ малдан қорасан ауруы анықталғандықтан, карантин жарияланады.

       Одан бөлек, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Бақты ауылдық округіне қарасты қыстақтан ірі қара мал арасында күйдіргі ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленді.

       Сондай-ақ Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы Исатай ауылының аумағында ірі қара малдың сарыпқа (бруцеллезге) шалдығуына байланысты шектеу  шаралары енгізіліп жатыр.

       Айта кетсек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын көктемгі вакцинациялауға 66 млн дозадан астам препарат бөлінетінін хабарлаған болатын.

       Aikyn.kz