фото: Pexels
Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (LSE) мен Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатты қабылдауы бойынша Жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия даму банкінің Біліммен және тәжірибемен алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде халықтың өз табысын бағалауы жүргізілді.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, респонденттердің жартысына күн көру қиынға соғады. Өңірлер бөлінісінде көрсеткіш 38,1 пайыздан 61,6 пайызға дейін өзгереді. Мұндай мәселе Қызылорда облысында (38,1 пайыз) және Астана қаласында (38,6 пайыз) аз байқалады.
Ал респонденттердің 50 пайыздан астамы 20 өңірдің 10-ында күн көру қиынға соғатынын атап өтті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через