Қазақстанның 6 бірдей өңірінде кедейлер саны артқан

Қазақстанның 6 бірдей өңірінде кедейлер саны артқан

     Кедейлік деңгейінің ең төмен мәні Қарағанды, Қостанай (3,4%-дан) облыстарында тіркелді.

     Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2021 жылдың III тоқсанда 5,3%-ды құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,4% төмен, деп хабарлайды naryk.kz сайты. 

     2021 жылдың III тоқсанында кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні келесі өңірлерде байқалды:

  • Түркістан облысы – 9,5%;
  • Маңғыстау облысы – 8,1%;
  • Шымкент – 5,8%.

     Ал ең төмені – Қарағанды, Қостанай (3,4%-дан) облыстарында тіркелді.

     Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2021 жылдың III тоқсанында азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық – 4,7, азық-түлік емес тауарларға – 7,9, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,1 есені құрады.

     Еске салсақ, Қазақстанда табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар саны 20 пайызға көбейгені туралы хабарлаған едік. 

     Informburo.kz