Қазақстанға жұмыс істеуге қай елдің азаматтары жиі келеді?

Қазақстанға жұмыс істеуге қай елдің азаматтары жиі келеді?
фото: bangkokbook.ru

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға жұмыс істеуге қай елдің азаматтары жиі келетіні туралы айтты.

2023 жылы 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 702 шетел азаматы еңбек етеді.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтін салалар:

  • құрылыс саласы - 5 181 адам (35 пайыз);
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы - 1 919 адам (13 пайыз);
  • тау - кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1 340 адам (9 пайыз);
  • өңдеу өнеркәсібі - 1 147 адам (8 пайыз);
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 829 адам (6 пайыз ).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай - 3 768 адам (25,6 пайыз),
  • Өзбекстан - 2016 адам (14 пайыз),
  • Түркия - 1 411 адам (9,5 пайыз),
  • Үндістан - 1 391 адам (9,4 пайыз).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24 пайыз немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Дереккөз tengritravel.kz.