Қазақстандықтың соққан голын Instagram-да 68 миллион жазылушы көрді

Қазақстандықтың соққан голын Instagram-да 68 миллион жазылушы көрді
фото: sports.kz

Әлішер Келгенбай аты аңызға айналған швед шабуылшысы Златан Ибрагимовичтің стилінде әдемі гол соқты. Бұл туралы Standard.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Келгенбай жаттығу кезінде өзіне қарай ұшқан допты бұрылып келіп, қақпаға соқты. Бұл видео Instagram желісінің 68 миллион жазылушысы бар 433 парақшасында жарияланған. Бейнеролик екі сағат ішінде 403 мыңнан астам лүпіл жинады.

Қазақстандықтың голы 2012 жылы қарашада Англия құрамасымен өткен жолдастық кездесуде Златан Ибрагимовичтің айып алаңының сыртынан соққан голына ұқсас болды.