фото: Pexels
Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлайды. Биылғы жылдың алғашқы үш айында бір отбасы орта есеппен 885 мың теңгеге жуық қаржыны жаратса, оның тең жарымынан астамы азық-түлікке жұмсалған. Бір тоқсанда әр отбасы шамамен банк алдындағы 52 мың теңгедей қарызын өтеген. Банк алдындағы берешегі ең көп халық – Ұлытау облысынан, мұндағы отбасылар орта есеппен үш айда 200 мыңнан астам теңгесін банкке қайтарады. Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда мен Астана тұрғындары да 83 мыңнан 107 мың теңгеге дейінгі қаржысын несие төлеуге жұмсайды. Несиесі ең аз аймақтардың тізімінде Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары және Алматы мен Шымкент бар.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через