Қазақстандықтар қыркүйек айында кафе мен мейрамханаларға 100 миллиард теңге жұмсаған

Қазақстандықтар қыркүйек айында кафе мен мейрамханаларға 100 миллиард теңге жұмсаған
фото: pixabay.com

       2023 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтар қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханаларға шамамен 100 миллиард теңге жұмсаған.

       Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы сарапшыларының есептеулері бойынша қазақстандықтар шамамен 99,7 млрд теңгені тамақтану орындары мен мейрамханаларға құртқан. Бұл саладағы инфляцияны есепке алғанда 2023 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 7%-ға жуық артық.

       Статистикаға сәйкес, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы мейрамханалар, дәмханалар және осыған ұқсас мекемелерге жұмсалған шығындар жан басына шаққанда орта есеппен 2,1 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,6%-ға артық.

       Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда бағасы мемлекет тарапынан реттелмейтін бензин маркалары қымбаттап жатқаны белгілі болған еді. Қыркүйек айында АИ-98 маркалы бензин 1,8%-ға қымбаттап, бағаның мұндай өсу қарқыны 3 ай қатарынан сақталып отыр. Сондай-ақ, АИ-95 маркалы бензиннің бағасы қазірдің өзінде 2,7 пайызға көтеріліп, көлік жүргізушілерінің қалтасын айтарлықтай қағып отыр.

       Stan.kz