Қазақстандық хоккейшілер Қытайды ірі есеппен жеңді

Қазақстандық хоккейшілер Қытайды ірі есеппен жеңді
фото: kaz.caravan.kz.

       3х3 хоккейден Қазақстан құрамасы Кангвон қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиаданың топтық турниріндегі бесінші кездесуін өткізді.

       Отандық хоккейшілердің қарсыласы Қытай Тайбэй командасы болды. Бұл кездесуде 14:2 есебімен қазақстандық хоккейшілер ірі жеңіске жетті.

       Ертең, 23 қаңтарда Рамазан Қайдаровтың шәкірттері Испания мен Ұлыбританияға қарсы ойнайды.

       Ақпарат дереккөзі: kaz.caravan.kz.