Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Италияда өткен бір күндік "Коппа Агостони" жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстандық велокоманда көшбасшысы Алексей Луценко Агостони Кубогының бір күндік жарысының жеңімпазы болды", – делінген хабарламада.
Италияда өткізілген бір күндік шарада Астана өз құрамасын ұсынды. Тізімде Мануэле Боаро (Италия), Самуэле Баттителла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Алексей Луценко (Қазақстан), Родриго Контрерас (Колумбия) және Маттео Собреро (Италия) бар.
"Луценко күшті финалдық шабуылмен жарысты жеңіп алды", – деп атап өтті ҰОК.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через