фото: olympic.kz
Қазақстандық төреші Тимур Әмірбеков Халықаралық гимнастика федерациясынан ( FIG ) 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастиканы төрелік етуге шақырту алды.
Бұл қазақстандық маман қазылық ететін төртінші жазғы Олимпиада ойындары болмақ.
Бұған дейін Тимур Әмірбеков 2004, 2012 және 2016 жылғы төртжылдықтың басты додаларында төреші болған.
Айта кетейік, жақында көркем гимнастикадан қазақстандық төреші Алуа Бектұрова да Париж Олимпиадасына шақырту алған еді.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через