Маңғыстаулық спортшы Бауыржан Исамедин Австрияның Инсбрук қаласында таеквондодан(WT) өткен халықаралық «Austrian Open G-1» рейтингтік турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық спорт басқармасынан мәлімдеді.
Байрақты додада әлемнің 60 елінен 1000-нан астам спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында жалпы есепте 42 медаль жеңіп алды.
«Қазақстан Республикасының ересектер құрама командасы сапында өнер көрсеткен маңғыстаулық спортшы Эльдар Бірімбай 68 келі салмақ дәрежесінде 2-орын жеңіп алса, жасөспірімдер арасында 45 келіде Исамедин Бауыржан жарыс жеңімпазы атанды. Айта кетейік, Эльдар Бірімбай мамыр айында Әзірбайжан мемлекетінің Баку қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды» делінген мәліметте.
Turkystan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через