Қазақстандық студенттер Түркия қонақүйлерінде тәжірибеден өтіп, еңбекақы алады

Қазақстандық студенттер Түркия қонақүйлерінде тәжірибеден өтіп, еңбекақы алады

Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің (IUTH) студенттері Анталияның жетекші қонақүйлерінде тәжірибеден өте алады. Бұл ретте студенттер атқарған жұмыстары үшін еңбекақы алады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл университет Түркияға 60 студент жіберуді жоспарлап отыр. Болашақта практиканттар саны 300 адамға дейін ұлғаймақ.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті шетелдегі тәжірибеден басқа өз студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы үшін түріктің үш ЖОО-сымен академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске қосады.

«Түркия – туризм саласындағы әлемнің жетекші елдерінің бірі. Сондықтан, ондағы қонақүйлерде біліктілік арттыру біздің студенттерге ең құнды тәжірибе мен кәсіби өсу үшін маңызды білім береді. Білікті кадрларды даярлау – біздің басты мақсатымыз. Мұндай ынтымақтастық отандық туризм индустриясының дамуына елеулі үлес қосады», - деді университет ректоры Айдос Сәкенов.

Фото trip-for-the-soul.ru