Биыл отандық университеттерге шетелден 11 мың қазақстандық ауысты
2021 жылы Шетелде білім алған 11 мыңнан астам қазақстандық студент отандық жоғары оқу орындарына ауысты, деп хабарлайды ҚР БҒМ Баспасөз қызметі.
Олардың көпшілігі Ресей университеттерінен оралды. Бұған дейін АҚШ, Қытай, Франция, Венгрия, Чехия, Польша және Түркия университеттерінде білім алған студенттер де бар.
«(...) Студенттер жеңілдетілген ауысу тәртібі бойынша қабылданып, қазір отандық жоғары оқу орындарында білім алуда. Бұл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Нархоз университеті, қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ және басқа да жоғары оқу орындары", – деп хабарлады ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Ол сондай-ақ өткен жылы шетелдік жоғары оқу орындарынан қазақстандық университеттерге 15 мыңға жуық студент ауысқанын хабарлады.
Бұған дейін қазақстандық студенттерге шәкіртақы тағайындалғаны хабарланған болатын. Мемлекеттік стипендия бірінші академиялық кезеңге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бірінші курсқа (оқудың бірінші жылына) қабылданған барлық студенттерге, магистранттарға тағайындалады және 1 қыркүйектен бастап ай сайын бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін және академиялық кезең мен демалыс аяқталатын айдың соңына дейін қоса төленеді.
Сондай-ақ студенттерге шәкіртақы есептеу тәсілі өзгереді: егер бұрын сомалар шотқа аударылса.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через