Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында екі алтын жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында екі алтын жеңіп алды

              Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан жас топтары арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар Роман Барков пен Игорь Грачёв синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

              Спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түскен. Олар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жетті. Екінші орынды Франция иеленсе, қола медальді Беларусь өкілдері жеңіп алды.

              Грачёв пен Барков Өскемен қаласының өкілдері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері. Федор Булучевский мен Игорь Яковлевтің қоластында жаттығады.

               Спортшылар 4 жылдан бері жұптасып синхронды секіруден сынға түсіп келеді. Бұл олардың әлем  чемпионатындағы алғашқы медалі.