Қазақстандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды
фото: olympic.kz

2023 жылдың басынан ресми халықаралық турнирлерде қазақстандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды.

Соның ішінде Олимпиадалық спорт түрлері бойынша қазақстандық спортшылар 373 жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, спортшыларымыз ел қоржынына 121 алтын, 111 күміс және 141 қола медаль салды.

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен 118 медаль түсті. Оның 53-і алтын, 38-і күміс, 27 –сі қола медаль.

95 жүлдені отандық параспортшылар жеңіп алды. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша біздің құраманың қоржыны 33 алтын, 33 күміс және 27 қола медальмен толықты.

Біздің спортшылар ел аумағында және шетелде өтетін халықаралық жарыстарда еліміздің атынан лайықты өнер көрсетіп келеді. Осы ретте, бокстан құрама команданың Ташкентте өткен әлем чемпионатында 4 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық 2-ші орынға ие болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Италияда өткен әлем чемпионатында семсерлесуші Руслан Құрбанов Қазақстан тарихында бірінші болып қола медаль иеленді. Сонымен қатар, каратэден Азия чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынды, мергендеріміздің рейтингтік әлем кубогының медальдық есебіндегі бірінші орнын үлкен мақтанышпен атап өтуге болады,- деді МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Baq.kz