Жарыс Алматы қаласында өтіп жатыр.
Қазақстандық спортшы Әсем Орынбай Алматыда стенд атудан өтіп жатқан әлем кубогының жеңімпазы атанды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Финалдағы негізгі кезеңде үндістандық Ганемат Секхон мен Әсем Орынбай 50 ұпайдан жинап тең түскен. Қосымша мүмкіндікте қазақстандық спортшы мүлт кетпеді. Ал қарсылас бір рет қана нысанаға дәл тигізе алды" – делінген хабарламада.
Қола медаль тағы бір үндістандық Даршна Ратхордың еншісіне бұйырған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через