Қазақстандық палуан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Қазақстандық палуан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
фото: © Photo : Olympic.kz

Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Сұлтан Әсетұлы Албанияның Тиранада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. "67 келіге дейінгі салмақта финалда Асетұлы түрік спортшысы Мұстафа Йылдырымнан басым түсті. Жекпе-жек 2:1 есебімен Асетұлының пайдасына шешілді".

Айта кетейік, Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алған тұңғыш қазақстандық болды.

ҚазАқпарат