фото: halyq-uni.kz
Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов (24-8-1) танымал ресейлік файтер Александр Шлеменкомен (62-15-1) кездеседі.
«Ресми! Александр Шлеменко vs Қуат Хамитов. Ресей ММА аңызы Александр Шлеменкомен айқас өткізу туралы Top Fight лигасының басшысы Марат Сидикеевпен келісімшарт жасалды. Турнир қашан, қайда өтетінін кейінірек білесіздер», -деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.
Қуат Хамитов өзінің кейінгі жекпе-жегін мамыр айында өткізді: ол Алматыдағы Hardcore MMA лигасының турнирінде өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен ресейлік Залимхан Юсуповтан (19-15) басым түсті. Александр Шлеменко кейінгі рет торға шілдеде кіріп, бірінші раундта бразилиялық Алекс Оливейраны (25-15-1) сабмишнмен жеңді
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через