Қазақстандық гимнасшы Әлем кубогында топ жарды

Қазақстандық гимнасшы Әлем кубогында топ жарды

     Қоржымызда қос алтын. Спорттық гимнастика бойынша Әлем кубогының кезекті, яғни үшінші кезеңі жерлестірміз үшін жемісті болды.

     Байрақты бәсекені бұл жолы Әзірбайжан астанасы Баку қаласы қабылдады және оған 32 елдің өкілдері жиналды. Араларында жерлестеріміз де бар. Әсіресе Милад Карими еркін жаттығуда 14,200 ұпай жинап, барлық қарсыласынан оқ бойы озып шықты. Екінші орын Украина, үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды.

     Артынша тағы бір қазақстандық Нариман Құрбанов та сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте топ бастады. Ол атпен жаттығу бәсексіне қатысқан болатын және соңғы сында 15,300 ұпай еншіледі.

     Күміс медалды ирландиялық Рис Макклэнахан, ал қоланы албаниялық Матвей Петров жеңіп алды.

     https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/590814-aza-standy-gimnasshy-lem-kubogynda-top-zhardy