2022 жылдың 21 қазанында Qazaq Geophysics компаниясы Перт (Австралия) қаласының маңындағы аумақта аэрогеофизикалық зерттеулер бастады.
Аэрогеофизикалық жұмыстар MobileMT технологиясы бойынша мобилизацияланған аспалы жүйесі бар жеңіл көпмақсатты Eurocopter тікұшағының көмегімен жүргізіліп жатыр.
Ұшақ шамамен 150 метр биіктіктен 1500м тереңдікке дейінгі тереңдікті зерттеп, пайдалы қазбалардың (алтын, мыс, полиметалл және КСШ) ошақтарын іздейді.
Аталған MobileMT технологиясы Жезқазған, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында кен орындарын табуға көмектескен болатын. Сондықтан өз кезегінде еліміздегі тау-кен өндіруші компаниялардың қорларының артып, дамуына септігін тигізетіні анық.
Жоғары білікті мамандары және инновациялық геофизикалық құрылғылары бар бұл компания Қазақстан аумағындағы геологиялық барлау жұмыстарын сәтті жүргізіп жатыр. Аз уақытта ол шетел нарығында үлкен сұранысқа ие болды.
Qazaq Geophysics қажетті аймақтарды анықтау үшін геофизикалық деректер жинауға және оларды ауқымдырақ жұмыстарға және алдын да барлауға дайындау үшін Батыс Австралияның үш аумағын ұшақпен зерттеп шықпақ.
"Бұл технологияның тиімділігі біздің Канада және Латын Америкасындағы серіктестеріміздің жұмысынан байқалды, өткен жылы біз оның мүмкіндігін өз елімізде де көрдік. Австралия нарығында әлемдік деңгейде танымал компаниялармен бірге жұмыс істеу біз үшін үлкен жетістік. Осындай ірі жобаларды жүзеге асыру үшін біз өз мамандарымызды ең үздік технологияларға үйреттік. Сондай ақ бұл жобаға MobileMT құрастырушыларын, Қазақстанда жұмыс істеп жүрген канадалық Expert Geophysics компаниясын да тарттық. Qazaq Geophysics Бас директоры Ғалым Нұржановтың айтуынша, мұндай технологияларды қолданғаннан кейін тапсырыс берушілер барлау жұмыстарынан оң нәтижелерге қол жеткізеді, содан соң Australian Securities Exchange (AXS) қор биржасындағы акциялардың да бірнеше есеге өсуіне ықпал етеді.
Жоба барлық түсіндірме жұмыстарын есептегенде Австралияда осы жылдың аяғына дейін жүзеге асады.
2023 жылы Qazaq Geophysics электро және магнитобарлау көлемі 21 000 есепті шақырым, 30 000 есепті шақырым аэрогеофизикалық зерттеулерді және шамамен жерасты тау қазбаларының 7 млн. ш.м. 3D түсірілімін құрайтын 10-нан аса жобаға қатыспақ.
Анықтама: Qazaq Geophysics 2021 жылдың мамырында құрылды. Компания аэрогеофизика, жерүсті геофизика (магнитобарлау, электробарлау) салаларындағыең заманауи құрылғыларды
және жерасты тау қазбаларының 3D түсірілімдерін қолдану арқылы, геофизикалық жұмыстар кешенін орындайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через