Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді
фото: https://sputnik.kz

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Польшаның Люблин қаласында өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық Бекман Сойлыбаев (14-1,5 КО) қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осы жолы Сойлыбаев Оңтүстік Африканың өкілі Сифосету Мвуламен (16-4-1, 7 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті. Ал сарапқа WBA Inter-Continental титулы салынды.

12 раундқа есептелген жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. Бекман Сойлыбаев қарсыласын бүйірден бір ұрып, нокаутқа жіберді. Мвула жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, Сойлыбаев кәсіби бокста 15 рет жеңіске жетті.

Айта кетері, бокс кешінде тағы екі қазақстандық боксшы қарсыласын жеңді. Бекзад Нұрдәулетов (6-0, 2 КО) грузин Яго Кизирияны (6-9, 4 КО) ұпай санымен ұтса, Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) орта салмақтағы WBO International белбеуін қорғап қалды. Ол аргентиналық Марсело Эстебан Косересты (31-5-1, 17 КО) тізе бүктірді.

Мәтіндегі ақпарат туралы