Қазақстан халықы тапқан табысының тең жартысын, көбіне тұтастай тамақ алуға жұмсайды. 2021 жыл азық-түлік бағасының еселеп артуы ол көрсеткішті арттыра түскен. Орта есеппен әрбір қазақстандық ай сайын 96,7 мың теңгені тек азық-түлік алуға жұмсайтын болып шықты. Бұл ретте темекі, ішімдік, қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге жұмсайтын шығындардың азайғанын ескерсек, соның өзі-ақ елдегі әлеуметтік жағдайдың нашарлағанын көрсетеді. Statista.com мәліметтері бойынша, коронавирус пандемиясына қарамастан әлем бойынша өте бай адамдардың да саны артқан. Таза байлығы 30 миллион доллардан жоғары адамдардың саны соңғы 12 айда 2,4 пайызға өсіп, 520 мыңнан астам адамды құрап отыр. 2025 жылға қарай олардың қатары тағы 27 пайызға артуы мүмкін екен. Бір қызығы, кедейі көп Қазақстан биыл сол бай адамдар санының өсуі бойынша алғашқы 10 елдің қатарына кірген. Оған елде өршіп тұрған сыбайлас жемқорлықтың ықпалы болды демеске шара жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через