Қазақстандағы туризмді дамытуға 2,8 трлн теңге жұмсамақ

Қазақстандағы туризмді дамытуға 2,8 трлн теңге жұмсамақ

                                    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА 2,8 трлн ТЕҢГЕ ЖҰМСАМАҚ            

          Қазақстандық шенеуніктер  елге жылына 2,5 миллионға жуық шетелдік турист келеді деп күтеді, деп хабарлайды LS. Мәдениет және спорт министрлігі 2024 жылға қарай шетелдік саяхатшылар саны 2021 жылы 1,1 миллионнан 2024 жылы 2,4 миллионға дейін өседі деп санайды.

          Қазақстандықтардың ішкі туризмге деген қызығушылығы 2 миллионға артып, 7,3 миллионға жетеді деп болжап отыр. Осы мақсаттарға жету үшін алдағы төрт жылда инвестиция көлемі 2,8 трлн теңгеден асады. Бұл қаржыландыру көлемі департаменттің стратегиялық жоспарында жарияланған. Оның ішінде 510 млрд теңге 2021 жылы және 9324 млрд теңге 2024 жылы күтілуде.  Оған инвестициялар есебінен  қызмет көрсету саласын кеңейтуді, экологиялық, медициналық, курорттық, сервистік және технологиялық, ғарыштық, шығармашылық және туризмнің басқа түрлерін жаңартып, қызмет көрсету саласын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол үшін  жол, жол жиегі, коммуналдық және басқа инфрақұрылымды, демалыс нысандары мен туристік маршруттарды, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман шаруашылығын дамыту бойынша шаралар  жетілдіріліп, тиісті заңдар қабылданатын болады.     Сондай-ақ,  көші-қон бақылауы мен визаны рәсімдеу процедураларын, визалық және көші-қон режимін біріздендіре отырып, мемлекеттік физикалық шекаралардан өту процедураларын жеңілдету жоспарлануда. Басымды елдер анықталады, олардың азаматтары үшін 72 сағатқа визасыз транзиттік режим енгізіледі.

            Медициналық туризм осы саладағы әлемдік компаниялармен және қауымдастықтармен серіктестікті дамыту арқылы алға басады. Нәтижесінде, еңбек өнімділігі  төмен көрсеткіштерден   2024 жылға қарай  12,4% дейін өседі деп көзделуде.

            Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы  қазақстандық курорттар  миллиондаған ақша мен демалушыларынан айырылған болатын.

                                                                                   Материал LSM.kz веб-сайтынан алып аударылды.