Қазақстандағы тұңғыш жаңғақ бағы

Қазақстандағы тұңғыш жаңғақ бағы

Алматы облысында қазақ топырағында көп кезедесе қоймайтын жеміс ағашын өсіріп отырған шаруа бар. Мәншүк Жексембекова – жай шаруа ғана емес, биология ғылымдарының докторы. Ұзақ жылдар бойы биотехнология саласында зерттеу жүргізген. Сөйтіп зерттеуін іс жүзінде көрем деп бір кездері Алматы облысының Түрген ауылына табан тірейді. Әкесі де бағбан болған екен. Енді осы бір кәсіпті ғылыммен ұштастырып, табыстың көзін тапқан.

Мәншүк 81 гектар жерді игеріп отыр. Мұнда грек жаңғағы, бадам және фундук егілген. Жаңғақтың соңғы түрін 2017 жылдан бастап өндірістік ауқымда өсіріп келеді. Қазақстанда бұған дейін жаңғақ бағы болмаған.

Біздің өңірде агротуризмді дамытуға мүмкіндік көп. Себебі шаруа қожалықтары алуан түрлі өнім өсіреді. Жеміс-жидектер, жүзім, алма, жаңғақ бақтары туристер үшін қызық. Олардың неше түрлі сұрыптары бар. Біздің фермерлердің көпшілігі жақсы өнім алудың ерекше технологияларын біледі. Олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге дайын. Мәншүк Жексембекова, шаруа қожалығының басшысы.

 Фундуктың ішкі нарықтағы бағасы келісіне 5 мың теңге,- дейді шаруа. Сондықтан өндірістік ауқымда өсіру импортты алмастыру мәселесін шешеді және бағаны айтарлықтай төмендетеді. Қыркүйек айында фермер алғашқы агротур ұйымдастырды. Туристер жаңғақ жинауды тамашалап, дәмін татқан. Бұл жолы қонақтар шаруашылыққа көмектесіп, бақтың айналасына терек көшеттерін отырғызды. Терек тез өседі. Болашақта орман жаңғағын үсік пен желден қорғайды.

Терек орманның алғы шебінде тұрады десек болады. Теректен кейін басқа ағаштар жақсы өседі. Бүкіл әлемде осы тәжірибені қолданады. Бұл Қазақстан үшін де қолайлы. Келушілер ұзын-саны 200-ге жуық терек екті. Мамандардың айтуынша, жас қалемшелер небәрі 3 жылда жайқалып шыға келеді. Осылайша фундук ағаштарының мол өнім беруіне де септігін тигізеді. Ринат Фазылбеков, Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ бөлім басшысы.

Дереккөз Хабар 24. Фото:pxhere.comfarming.org.uapixabay.com