Мемлекет

ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫССЫЗДАР САНЫ ӨСКЕН

  ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫССЫЗДАР САНЫ ӨСКЕН

2021 жылғы соңғы бес-алты айында  елімізде жұмыссыздар саны 38%-ға өскен. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жазылды.

5 айда Қазақстан ЕАЭО-дағы жұмыссыздар саны бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен. Одаққа мүше мемлекеттердегі жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер санының жалпы көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,5%-ға төмендеген. Ал елімізде олардың саны керісінше 38%-ға өскен.

Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, 2021 жылғы мамырдың соңында ЕАЭО-ға мүше елдер арасында тек 2 мемлекетте жұмыссыздар саны азайған.

Ресейде жұмыспен қамту орталықтары арқылы белсенді жұмыс іздейтіндер саны 1,3 миллионнан асқан. Бұл өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 37%-ға аз. ЕАЭО-дағы халқы ең көп  Ресей Федерациясы жұмыссыздықтың жалпы одақтағы көрсеткішіне айтарлықтай оң әсерін тигізген.

Беларусьте ресми түрде жұмыссыздар саны аз: 8,5 мың адам (өткен жылмен салыстырғанда минус 17%).

ЕАЭО-ға мүше 3 мемлекетте жұмыссыздар саны артқан. Армения мен Қырғызстанда жұмысқа орналасқысы келетіндердің саны 2% және 3,5%-ға өскен. Ал Қазақстанда ең жоғары динамика тіркелген: 222,7 мың адам немесе плюс 38,1%.

Мұндай жағдай өткен жылдың қыркүйегінен бастап тіркеліп отыр.  

Ақпарат ғаламтордан алынды

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру