Қазақстан бойынша 166 жастар орталығы бар. Ерте жүкті болған және осы тақырып бойынша маманнан кеңес алғысы келген жасөспірімдер осы орталықтарға барып жүгіне алады. Әртүрлі маман келушінің есімін ешкімге жария етпей көмектеседі, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.
"Жасөспірімдер жүктілігі жатырға біткен баланы алдырып тастаумен аяқталса, көп жағдайда бұл әйелдер екінші рет жүкті бола алмайды. ЭКО көмегіне жүгінуі қажет болады. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі бірқатар бұйрық дайындап отыр. Бұл бұйрықтардың барлығы жастар орталығы жұмысын жақсартуға бағытталған. Республика бойынша мұндай 166 орталық бар. Олардың 70 пайызы қалалық жерде, қалғаны ауылдық жерде орналасқан", – деді Вячеслав Дудник.
Министрлік өкілі аталған орталықтардың емханалардан тыс жерде орналасқанын және онда анонимді консультация берілетінін атап өтті.
"Орталықта гинеколог, репродуктолог, уролог, жыныстық инфекция бойынша мамандар бар. Бұдан өзге аталған орталықта әлеуметтік қызметкерлер, заңгер, терапевт және психолог жұмыс істейді. Егер мәселе жасөспірімнің жүкті болып қалуына келіп тіреліп тұрса, онда бұл туралы ата-анаға хабарланады. Шешім ата-анамен бірге қабылданады", – деді министрдің орынбасары.
Informburo.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через