фото: pixabay.com
Қазақстанда жоғары білім алуға ниетті АҚШ азаматтарының қатары көбейді. Соңғы кезде америкалық жастар Ресейдің орнына біздің елімізді таңдайтын болған. Сондай студенттердің кезекті тобы Қазақстан елшілігінен білім визасын алды. Бұл жобаны «American Councils» халықаралық білім орталығы мен Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сегіз жылдан бері бірлесіп жүзеге асырып келеді. Осы аралықта төрт жүзге жуық америкалық жас Қазақстанда білімін жетілдірген. Арнайы бағдарлама аясында студенттер қазақ тілін де үйрене алады. Сондай-ақ қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мен мәдениеті, тарихы туралы оқиды.
Иракли Саразидзе, American councils халықаралық білім менеджері:
Студенттер бұл бағдарламаны өте пайдалы деп айтады. Себебі біріншіден, олар тілдік ортада болып, тілдерін жетілдіріп келеді. Екіншіден, Қазақстан халқы, қоғамы жайлы, оның тарихы, салт дәстүрі, жайлы білім көк жиегін кеңейтеді. Біз болашақта бұл студенттер халықаралық байланыс саласында істесе, екі жақты қарым қатынастың одан әрі тереңдеуіне септігін тигізеді деп үміттенеміз. Өйткені олардың алған білімдері бір-бірімізді жақсырақ түсінуге көмектесіп, ұлттар арасында алтын көпір болады деп санаймыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через