фото: pixabay.com
Қазақстанда жаңа туған нәрестеге жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туғаннан кейін бірден – 20 минут ішінде беріледі.
Бұл өзгерісті көздейтін заң жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.
Депутаттардың айтуынша, бұл норма бала саудасына қарсы күрес үшін қажет. Ол тек қазақстандықтарға емес, республика аумағында туған шетел азаматтарына да қатысты болады.
Еске салайық, 2023 жылдың шілдесінде ҚР Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, балаларға туғаннан кейін бірден ЖСН беру бойынша пилоттық жобаны іске қосқан болатын.
Дереккөз tengrinews.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через