фото: mavink.com
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Хериот-Уатт университетінің филиалы ашылады.
«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Хериот-Уатт университетінің филиалы құрылсын. Оқу орнының негізгі қызмет нысаны білім беру қызметтерін көрсету, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысу филиалдар қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын. Филиалдағы білім беру процесі шетелдік профессорлық-оқытушылық құрамды тарта отырып, мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі, олардың үлесі филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы санының кемінде 30%-ын құрайды», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.
Құжатта жазылғандай, Хериот-Уатт университетінің филиалын ҚР мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде алынған қаражат және заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Құжат 4 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото mavink.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через