Қазақстанда туристік менталитетті қалыптастыру керек. Нұржан Әбдіразақов.

Қазақстанда туристік менталитетті қалыптастыру керек. Нұржан Әбдіразақов.

Туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Бұл саланың маңызы жылдан-жылға өсіп келеді, оның халықаралық байланыс және валюталық түсімнің көзі ретінде маңызы да артып отыр.  Туризмнің 32 салаға жанама ықпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады. Ал Қазақстандық туризм қалай дамып жатыр? Standard.kz тілшісі осы тақырып төңірегінде Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, "Экономика және қаржы" кафедрасының туризм мамандығының лекторы Нұржан Әбдіразақовпен тілдескен еді.